“Екі жұлдыз-2022”

Автор: admin от 23-05-2022, 22:31, посмотрело: 80

0

Мектебіміздің дәстүріне айналған “Екі жұлдыз-2022” ән байқауы өз мәресіне жетті.
Бұл айналымда қатысушы жұптар, әр жылдың ең үздік, танымал хит әндерін өз нақышында орындап шықты.

Байқауға Қамқоршылық кеңес төрайымы: Мухишева А.А мен музыка пәні мұғалімі Кустубаева А.С төрелік етті.

Қатысушы жұптардың барлық 3 айналым бойынша жинаған ұпай сандары мен Сахналық қойылым, ән орындау шеберлігі мен әртістік шеберлік бағаланып, төмендегідей мараппаттарға ие болды.

I орын- информатика пәні мұғалімі - Әуезова Э. мен 9 “А” сынып оқушысы Дусипова Ғ;
II орын - биология пәні мұғалімі Айманова Ж. мен 9 “Д” сынып оқушысы Мустафаева М;
III орын- Информатика пәні мұғалімі Балиянов Б. мен 9 ”А” сынып оқушысы Ахмет А;
”Көрермендер көзайымы” номинациясымен- Тарих пәні мұғалімі Аққожа М. мен 9 ”Г” сынып оқушысы Жумабаева Т.;
Ағылшын пәні мұғалімі Баканова А мен 10 ”А” сынып оқушысы Құттымұрат Г. алғыс хатпен марапатталды.

6 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ән байқауымызға қатысқан гран-при, 1 орын иегерлері мен түлектер және өнерлі отбасылар өз өнерлерін қалың көпшілікке тарту етіп, байқау Гала-концертпен жалғасын тапты.

@obrazovanie_gorod_aktobe

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Жаңалықтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.