2022 жылғы 13 мамырда жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ата- ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында қашықтықтан сырттай облыстық «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында байқауы өткізілді.
Қашықтықтан өткізілген облыстық «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» байқауына барлығы 145 сурет пен 82 жазба жұмыс ұсынылды. Қатысушылар өз жұмыстарында қоршаған ортаны таза ұстап, оны сақтай білу туралы ойларын жеткізе білген.
Қазылар алқасының шешімі негізінде мектебіміздің 5 класс оқушысы III-орын иеленді.
Жетекшісі: Муканова Шарипа Кулинтаевна