1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні қарсаңында, мектебіміздің 5 сынып тәрбиеленушілері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасының Бірыңғай «Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. “Жас Ұлан” ұйымы қатарына өз өтініш білдіріп,барлығы 149 оқушы қабылданды.
Оқушылар Отанының ,елінің, жерінің адал азаматтары болуға, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, ата-ананы қадірлеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, табиғатты аялауға, Отанына шексіз қызмет етуге ант берді.
Шараға “Қамқоршылық кеңес” мүшесі, Ауған соғыс ардагері- Жакупов Болат Спандиярович тәрбиеленушілерге ыстық лебізін білдіріп, Отанымыздың патриоты болуға шақырды.
Салтанатты жиынға “Жас Ұлан” ұйымының белсенділері ат салысып,
“Мектеп Парламенті” белсенділері 5 сынып оқушыларына қолдау көрсетіп, көшбасшылықтарын танытты.
Ұйымдастырушы: Аға тәлімгер Бөрібаева Ж.