"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп оқушылары кітап оқуға қызығушылықтары жоғары, әрі осы бағытта түрлі шараларды қамтып, жұмыла жұмыс жасап жүрген @ibookyou_aktobe еріктілерімен кездесіп, аталған топтың бағытымен, жоспарларымен бөлісіп, кездесті.
Топтағы еріктілердің жасы мен мамандықтары бір арнаға тоғыспаса да, бұл жастардың ойы мен пікірлері кітапханада тоғысып, осы уақытқа дейін көптеген кітаптарды оқып, талдау жасаған.
Еріктілер тобы 40-ға жуық кітап сыйлап, "Оқу және өзгеге сыйла" акциясын қайта жандандырды.