Бүгін мектебіміз оқушыларымызға есігін айқара ашты!!
"Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық" тақырыбындағы салтанатты жиында көптен күткен оқушыларымыз, жаңа қадам басқан бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін ортаға салып, дәстүрлі мереке өзіндік мәнімен аталып өтті.
Ұлтық құндылықтарымызды дәріптейтін, бәсекеге қабілетті, жаңашыл, ұлт мақтаныштарын ту еткен салтанатты жиынға елім деп деп еміренетін, жерім деп аянбай еңбек ететін адам қасиеттері арқау болды.
Бүгінгі салтанатты жиын алдына бірнеше міндеттерді қоя білді.Соның бірі -Отанға деген ықылас.
Баршамызды көк тудың астына жинап, жұдырықтай жұмыла ұмтылдандыратын да, шабыттандыратын да, масаттандыратын да ол Отанға деген ұлы сезім.
Өскелеңді ұрпақты осы бағытта жетелеп, алға итермелейтін болсақ бұл сіз бен біздің басты жетістігіміз болмақ.
Ел еңсесін биік көтеріп, елдігіміздің тұтастығын айқындайтын жас ұрақтарымыз көбейсін!
Дәстүрлі мереке құтты болсын!!
Жыл берекеге толы болсын!
Оқушыларымыз озат, алғыр болсын!!!