5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, 5-12 қыркүйек аралығында “Мәңгілік ел- мәртебелі тіл”тақырыбында тіл апталығы өтуде. Тіл апталығы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай “Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты” деген атпен ашылды. Кеш барысында “Тіл тағдыры-ұлт тағдыры” атты бейнекөрініс көрсетіліп, сол арқылы оқушыларға ана тіліміздің құдіретін сезініп, тілімізді қадірлей білу керектігі ұғындырылды. Оқушылар Алаш арыстарының тіл туралы ойларын жеткізе отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқыды және кеш соңының 5-класс оқушысы Жүсіпбек Диас орындауындағы “Қазақ тілі” әнімен аяқталуы ерекше әсер қалдырды. Мектеп оқушыларын тіл апталығы аясында өткізілетін іс-шараларға белсене атсалысуға шақырамыз!