Бүгін,9 қыркүйек күні,мектебімізде өтіп жатқан "Мәңгілік ел-мәртебелі тіл" тіл атты апталығының аясында "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте..." тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Шатенованың ұйымдастыруымен өткен бұл шарада 9,10-сынып оқушылары ана тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тіл тазалығын,тіл көркемдігін сақтауға шақыру сияқты маңызды мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.