Жарты ғасырдан астам уақыт бойы, қалыптасқан дәстүр бойынша, барлық Ақтөбе мұғалімдерінің кәсіби мерекесі қазан айының басында - Мұғалімдер күнінде тойланады!
Аталған дәстүрді жалғастыра отырып, Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 1 қазан күні қаланың үздік педагогтары мен тәрбиешілері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен Шығармашылық академиясында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс -шара өткізілді.
Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Купенов, «Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Л.Уралбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қосымбаева қатысты.
Шара барысында үздік педагогтер Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, Ақтөбе қаласы әкімінің және қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды.
Сонымен қатар, "Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің білім саласындағы шыңдалған нәтижелі еңбегі үшін мұғалімдер ақшалай сыйақымен марапатталып, ұстаз-ардагерлерге шипажайға жолдама табысталды.
Мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар арасында жыл сайын жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша Инновациялық мектептер арасында «Үздік білім беру ұйымы», 500 мың теңге көлеміндегі сертификатпен "Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы", 300 мың теңге көлеміндегі сертификатпен №17 мектеп-гимназиясы, Жалпы орта білім беру мектептері арасында «Үздік білім беру ұйымы» 500 мың теңгелік сертификатпен «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» , 300 мың теңге көлеміндегі сертификатпен №10 жалпы білім беретін орта мектебі» марапатталды. Балабақшалар арасында «Үздік білім беру ұйымы» 500 мың теңгелік сертификатпен № 33 «Нұрсәт» балабақшасы, 300 мың теңге көлеміндегі сертификатпен №43 «Гүлдәурен» балабақшасы марапатталды. Қосымша білім беру ұйымдары арасында «Үздік білім беру ұйымы» 500 мың теңгелік сертификатпен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі, 300 мың теңге көлеміндегі сертификатпен Қалалық жас натуралистер стансасы марапатталды.