Халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігі-еліміздің өркендеп,алға басуына себеп болады.Осы байлығымызды қадірлей білу,оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату- еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ .Осы орайда Республика күні қарсаңында 20-қазан күні кітапхана қызметкерлері "Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы атты тарихи-танымдық кітап көрмесін ұйымдастырды.Мақсаты:Оқырман қауымды,кітап оқу арқылы туған жерін,елін,Отанын сүюге ,ұлттық құндылықтарын қастерлеуге, көркем сөз бен тарих шежірені оқып,білуге шақыру.
Көрме барысында ,оқырман назарына 133 кітап қойылды. Ұсынылған кітаптар 5-бөлімге бөлінді:
1-бөлім"Тәуелсіз ел қолжазбалары"
2-бөлім"Рухы жоғары халықтың тарихы мен тілі мәңгілік"
3-бөлім"Туған өлке тұрған шежіре"
4-бөлім"Бабалар тағлымы-ұрпаққа тағзымы"
5-бөлім"Қазақ елінің ақын-жазушылары"
Қорытынды сөз барысында,тәрбие ісінің меңгерушісі Жанат Мұхитқызы оқушыларды көркем әдебиетті көп оқып, білім нәрімен сусындап ,уақытты тиімді өткізуге шақырып,жарқын болашақ тіледі.
#Республика күні
#Ақтөбе