» » Оқушылардың ішкі уәжін оятудың тиімді әдіс-тәсілдері

 
 
 

Оқушылардың ішкі уәжін оятудың тиімді әдіс-тәсілдері

Автор: admin от 22-10-2022, 17:10, посмотрело: 292

0

Оқушылардың ішкі уәжін оятудың тиімді әдіс-тәсілдері. Білім беру жүйесі жаңа технологиялармен толығып отырмаса, бәсекеге қабілетті бола алмайтыны түсінікті. Сондай бір әдіс-тәсілдің бірі – «оқушыларды уәждеу» деп аталады (орыс тілінен аударғанда «мотивация»).

Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте «сыртқы уәж» және «ішкі уәж» деп бөлінеді. Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін факторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер. Бұл тәсілдер жағымды мінез-құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты (соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді.
Осы ретте, бүгін, 21 қазан күні Ақтөбе қаласы 8-орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шатенова Айнаштың жетекшілігімен «Оқу үрдісінде оқушылардың ішкі уәжін оятудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білімге қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында облыстық шебер-класс ашылды.
Шебер кластың алғашқы модулінде «Табысты оқыту құралдарын қолдану арқылы ішкі уәжді оятудағы мұғалімнің маңызды рөлі» тақырыбында қатысушылармен коучинг және 9-сыныпқа ашық сабақ өткізілді.

Қатысушылар шебер-класс жетекшісі А.Шатенованың іс-тәжірибесі бойынша оқушының ішкі уәжін оятудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, екінші бөлікте өткізілген ашық сабақта берілген оқыту құралдарының тәжірибеде қолданылуын үйренді.

      

шаблоны для dle 11.2

Категория: Жаңалықтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.