2022 жылғы 13 желтоқсанда жылына бір рет өткізілетін, табысты педагогикалық тәжірибемен алмасып, зияткерлік еңбектерінің нәтижелерін көрсетуді қалайтын белсенді және шығармашылық мұғалімдерді анықтауға бағытталған жаңашыл педагогтың құрылымдық-мазмұндық моделін жасайтын «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының қалалық кезеңі Мұхафар Әлімбаев атындағы №23 мектеп-лицейінің базасында өтті.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқаудың қалалық кезеңіне 5 бағыт бойынша - 85 педагог қатысты: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»; «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері); «Шығармашыл толқын»; «Сабақ аяқталған соң...»; «Психологиялық сандықша».
Қорытынды нәтиже бойынша мектебіміздің екі мұғалімі жүлделі орынға ие болды.
II математика пәнінің мұғалімі- Орын Миржан Досымұлы
III Орыс тілі пәнінің мұғалімі - Кабулова Айгүл Қуанышевна
@metodcabinet_aktobe
@obrazovanie_gorod_aktobe