» » Мектептің 10 жылдығына арналған мерекелік концерттік бағдарлама

 
 
 

Мектептің 10 жылдығына арналған мерекелік концерттік бағдарлама

Автор: admin от 2-12-2022, 14:29, посмотрело: 125

0

Әр мереке - бұл әрдайым айтулы оқиға, соның ішінде мектеп мерейтойы-өмірдің ерекше белесімен байланысты көптеген ұрпақ тарихындағы ерекше күн. Осыдан 10 жыл бұрын, дәл осы күні қаламыздың “Гүлдер” ауданында мыңдаған шәкірттің зердесіне білім құйып, өмір жолдамасын алуына ықпал ететін “№8 орта мектебі” өз жұмысын бастады.
Сол күннен бастап білім ұйымы ұжымының еңбекқорлығы мен шығармашылық қабілеттері, әрқашан тандемде жұмыс істейтін, педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың дарынды арсеналының бірлігінің нәтижесінде жетістіктерге жетіп келеді.
Мектебімізде “Он жыл қысың, он жыл жазың-көктемің, Құтты болсын, мерейтойың, мектебім!” тақырыбындағы білім ордасының мерейтойына арналған онкүндік жоспарланды.
Онкүндік бастауыш кластар бірлестігінің мерекелік шарасымен басталды.
Мерекені қаламыздағы “Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің” өнерпаздары тарту ретінде концерттік бағдарламасымен ашып, екінші бөлімінде бастауыш класс ата-аналары мен оқушыларының “Color teims” көңілді кеші жалғасын тапты.
Өнер мектебінің өнерпаздары көрермендеріне мерекелік көңіл-күй сыйлап, халқымыздың бай өнерінің құндылығын дәлелдеді.
Ал бастауыш класс ата-аналары мен оқушыларының көңілді party-ы ата-ана, мектеп, оқушы бірлігінің тағы да бір үлгісін көрсетті.

@obrazovanie_gorod_aktobe

шаблоны для dle 11.2

Категория: Жаңалықтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.