Қазіргі қоғамда оқушылар арасында буллинг белең алуда. Бұл жағдайға душар болған әр балаға ересек тарапынан қолдау мен қорғау қажет. Бала өз жағдайын естірте алмауы мүмкін, бірақ та әр ересек адам бақылаушы бола тұра сол баланың жағдайын аңғарып, осы тығырықтан шығу жолдарын екеулеп отырып шешу маңызды.
Осы мақсатта Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу бойынша кездесулер өткізу жоспарына сәйкес 2023 жылдың 31 қаңтар күні №8 орта мектебі мен №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
31 қаңтар күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу бойынша 8-11 класс білім алушыларына түсіндірмелік ақпарат жүргізілді.Мектеп инспекторы жасөспірімдер арасындағы ұсақ бұзақылық туралы, әлімжеттік көрсету, ретсіз тиісу, ұрлық бойынша ақпараттарментаныстырып, құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырды.