Бүгін , 9 ақпан , қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күні . Мұқағали ақынның өмірге келген күні - қазақ поэзиясының өмір есігін ашқан күні іспетті. Ақынның туған күніне орай, мектебімізде қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді, Ендеше , Мұқағали ақынның аяулы аналар жайындағы және махаббат жырларын назарларыңызға ұсынамыз.