Мұқағали -қазақ поэзиясының ХАНТӘҢІРІ, ХанТәңірінің мұзбалағы! «Жырсыз өткен күндер – мен үшін өлі күндер» - дейтұғын Сүлейменнің ұлы, халықтың перзенті – Мұқағали.
- Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?!- деп сыр шерткен нәзік жүректі ақынның жан дүниесіне үңіліп, дәл осы алыптың өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шерту мақсатында оқушыларға "Мұқағали.Бұл ғасырдан емеспін..." атты фильм көрсетілді.
Мақсаты: фильмді оқушы назарына ұсыну арқылы «қазақ поэзиясының мұзбалағы» атанған ақынның қай ғасырда болсын ізі өшпейтіні, оны уақыт өткен сайын өзгеше зерттей беретіндігіміз туралы ұғындыру.
4 бөлімді телехикая Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары - 1973 жылдан 1976 жылға дейінгі кезеңіне арналған және осы уақыт аралығындағы ақын өміріне бетбұрыс әкелген ірі оқиғалар қамтылады. Туындыда қаламгер тағдырының қиын-қыстау кезеңінде шығармашылығын мойындап, жанынан табылған ұлт тұлғалары - Бауыржан Момышұлы, Асқар Сүлейменов, Тоқаш Бердияров, Нұрғиса Тілендиев, Фариза Оңғарсынованың бейнелері бар.
Телехикаяның әр бөлімінде ақынның жан-дүниесіне төңкеріс әкелген негізгі тылсым оқиғаларды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының келбетімен көрсетеді.Телехикая Мұқағали Мақатаевтың бүгінге дейін жұмбақ болып келген құпияларына үңілу арқылы Мұқағали феноменінің өзгеше тұстарын ашуды мақсат тұтады. Телехикаяны көре отырып, оқушылар ақиық ақын шығармашылығының мәңгілік екенін түсінді.
Фильмнен алған әсерлерімен қоса, ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы өз ойларын ортаға салды.