Бүгін "Ақтөбе-Өрлеу" республикалық педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздарына арналған салтанатты марапаттау рәсімінің қатысушылары мен қонақтарын қарсы алды.
- Олимпиадаға кәсіби шеберлікті арттыру және жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында облыстан 100-ден астам математика мұғалімдері қатысты. Олардың ішінде 33 мұғалім үздіктердің үздігі атанды.
- Білім беру саласының ардагері Ж. А.Исатаева, Ақтөбе қаласы мәслихатының хатшысы А. Н.Даржанова, Ақтөбе облысының БССҚД басшысы Г. А. Сарсенгалиева, "Ақтөбе - Өрлеу"директоры Н. М. Абишева педагогтерге жылы лебіздерін, құттықтаулары мен тілектерін арнады.
- Осы бәйгелі жарыста мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Батаев Алмат Қонысбайұлы жүлделі ????орынды иеленді. ????????
- Құрметті әріптестер-жүлдегерлер, сіздердің өткір ақыл - ойларыңыз әрқашан сіздерге көмекші болсын, сіздер үшін бағындырар белестер көп болсын!