"Үлгілі отбасы - 2023" отбасылық байқауының қатысушылары
Диас Жүсіпбек @dias__zhusipbek *Ең жақсы тәртіп мектебі-бұл отбасы*
Отбасы - шағын мемлекет, сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы деген бала тәрбиесінің алғашқы ошағы. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы, тәрбиелі болуы осы отбасында қалыптасады деп ойлаймын. Баланың тәрбиелі болып өсуі, болашақта қоғамда өз орнын таба білуі берекелі, ынтымағы мол отбасыға байланысты.
Менің отбасым тату-тәтті, ауызбіршілкте өмір сүріп жатқан қарапайым отбасы. Жанұямда 4 адам бар. Асқар тау-әкем, ақылшы- анам, мен және інім Мирас.
Осы жылдың басында жаңа пәтерге қоныс аударған болатынбыз. Әкем үнемі жұмыста болғандықтан, үйді жөндеу жұмыстары кезінде мен, анашыма қол көмегімді беремін. Суретте сондай қызықты сәттердің бір көрінісі.
Мен отбасымды жақсы көремін. Отбасымды бақытты, үлгілі отбасы деп айта аламын. Отбасым - қазыналы құт мекенім! #үлгіліотбасы @8_orta_mektep04 5 “г” сыныбы