"Үлгілі отбасы -2023" отбасылық байқауының қатысушылары
Жайна Ізбасарқызы @zhainaizbasarkyzy Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана және жадыраған балалар елестейді. Иә, расында солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. Сондай мерейлі отбасының бірі - Ақтөбе облысының тұрғындары - Қалмановтар отбасы. Біздің әулетіміз Төртқара, Сейтқұл, Бәйбек руынан тараған, кіші жүздің атақты биі Әйтеке бидің тікелей ұрпағымыз. Бұл отбасының тірегі, қамқоршысы болған әкеміз Әбілов Серік Қалманұлы 2008 жылы дүниеден озды. Әкеміз жастайынан еңбекқор болған. Ырғыз ауданы, Қалыбай аулында жүк көлігін айдаған. Ал осы отбасының ұйытқысы болып отырған анамыз Шаған Клара Әбуқызы жастайынан бойына емшілік қасиет дарып, қазіргі таңда ем іздеген жандарға өз көмегін тигізіп жүр. Үлгілі отбасы 3ұл, 1қыз тәрбиелеп өсірген."Барға қанағат, жоққа сабырлы" болуды саналарына ерте сіңірген. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Үлкен ұлы- Қанат, дәнекерлеуші мамандығын игеріп, қазіргі таңда мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Әулеттің үлкен келіні- Жанар, мұғалім мамандығын бітіріп, қазіргі таңда бала күтімінде. Әулеттің екінші ұлы-Манат, қойма басқарушы болып қызмет атқарады. Келіншегі халық ісі мамандығымен жұмыс атқарады. Қызы Назгул тұрмыста, медбике болып жұмыс жасайды. Кенже ұлы- Тимур, қара шаңырақта. Ұн зауытында қызмет атқарады. Келіншегі экономист мамандығын бітірген, қазіргі таңда бала күтімінде.
Бүгінгі таңда әр қайсысы өмірден өз орындарын тапқан, өздері де ұл-қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке, аяулы ана.
@8_orta_mektep04