"Үлгілі отбасы - 2023" отбасылық байқауының қатысушылары
Амина Бекетқызы @beketkyzyamina Менің отбасым-менің байлығым!
Біз шағын ғана мемлекетпіз.
Ата-анам алғаш рет 2005 жылы шаңырақ көтерді арқа сүйеріміз әкем Бекет,
түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам Шынар.Әпкелерім:Гүлнар үйдің үлкені әрі тірегі, екіншісі Сара, үшіншісі Фатима, төртіншісі Амина(мен) кенжесімін әрі үйдің еркесімін.Әкем Жақайым,Анам Төртқара руынан тараған.Отбасы ұлттың~ ұйытқысы демекші ата-анам әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай,игі істер жасауға тәрбиелейді. Отбасым үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін еш уақытта аяған емес.Менің отбасым мен үшін мәңгілік үлгі өнеге болып қалмақ.
@8_orta_mektep04