» » "Үлгілі отбасы -2023" отбасылық байқауының қатысушылары - Аймұхамбетова Кәусар Мерейқызы

 
 
 

"Үлгілі отбасы -2023" отбасылық байқауының қатысушылары - Аймұхамбетова Кәусар Мерейқызы

Автор: admin от 11-05-2023, 16:57, посмотрело: 26

0

"Үлгілі отбасы -2023" отбасылық байқауының қатысушылары

Аймұхамбетова Кәусар Мерейқызы @vishivka_aktobe_kausar004 “Отбасы - шағын мемлекет" демекші, Аллаға шукір, айрандай ұйыған, тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым, бақытты отбасылардың біріміз. Біз шаңырағымызды, киелі Ойыл жерінде, 14 тамыз 2011 жылы құрған болатынбыз, оған да міне 12 жыл болады. Аллаға шүкір, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Еліміз “Он екі ата - Байұлы - Жастабан - Таз”, Аймұхамбетовтер отбасы. “Қарты бар үйдің - қазынасы бар” демекші, балаларымның ата-әжесі бар, олардың немерелеріне деген тәрбиелері бір бөлек әлем. Ата-әжелеріміз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында тұрады, әр мерекелік демалыс кездерінде балалар ата-әжесіне барады, сол жақта ұлдар ағаларына атқа мініп, қой бағысып, қыздарым жеңгесіне үй шаруасына көмектесіп келеді, ол да балаға үлкен тәрбие деп ойлаймын. Баланы кішкентайынан еңбекке баулыған дұрыс, өйткені ол балаға үлкен тұлға болуына үлесі бар. Балалар ол жақта болса дым уайым болмайды, таза табиғи тамақ, таза ауамен тыныстап, демалып келеді.
Балаларымыз батыр атаның ұрпақтары екенін мақтан тұтады, үлкен атамыз Қалдыбаев Сағынғали - Ұлы Отан соғысының ардагері/1923-2007жж қайтыс болған/.
Шаңырағымыздың ақылшысы, балаларымның асқар тау әкесі - Қалдыбаев Мерей Аймұхамбетұлы жоғары білімді, жеке кәсіпкер, өзінің жеке жүк көлігімен Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне жүк тасиды. Ал аналары - Серікқалиқызы Эльвира жоғары білімі бар, қазір бала күтімінде, үйде. Жанұяда төрт баланы тәрбиелеп отырмыз.
Үлкен қызымыз - Аймұхамбетова Кәусар Мерейқызы Ақтөбе қаласы, #8 ОМ 5 “В” сыныбында оқиды, білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында “Дарын Онлайн” қосымшасында оқиды. Екінші баламыз - Аймұхамбетов Аңсар Мерейұлы Ақтөбе қаласы, #8 ОМ, 1 “Г” сыныбында оқиды. Үшінші және төртінші балаларымыз Заңғар мен Камилла екеуі үйде…. @8_orta_mektep04 5 “В” сыныбы Аймұхамбетова Кәусар Мерейқызы

шаблоны для dle 11.2

Категория: Жаңалықтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.