11 мамыр күні мектебімізде 6-7 сынып оқушылары арасында "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" атты арнайы кездесу ұйымдастырылды. Биыл Ұлы Отан соғысының 78 жылдық мерейтойына орай, соғыс майталманы, Тыл ардагері Оразбаев Құлданбай Қопарұлы атамыз және Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Назерке Жолдиева есімді қонақтарымыз оқушылармен кездесуге арнайылап мектебімізге табан тіреді. Осындай мағынаға толы сыр-сұхбат барысында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, 1941-1945 ж соғыс туралы терең мағлұматтар ала білді.
@aliya.muzeyi
@obrazovanie_gorod_aktobe