АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ
13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында өткен «Жасыл мекен» республикалық челленджіне @8_orta_mektep04 #8 орта мектебі де қатысты. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысуда.
Аталмыш шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
Көшет отырғызу орнын білім беру ұйымындары таңдайды.Челленджге қатысушылар мен отырғызылатын көшеттер саны шектелмейді.
Экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтуде.
@obrazovanie_gorod_aktobe