» » "Үлгілі отбасы -2023» отбасылық байқауының екінші кезеңі

 
 
 

"Үлгілі отбасы -2023» отбасылық байқауының екінші кезеңі

Автор: admin от 14-05-2023, 17:11, посмотрело: 22

0

"Үлгілі отбасы -2023» отбасылық байқауының екінші кезеңі

Эльвира Серікқалиқызы @vishivka_aktobe_kausar004 Аймұхамбетовтер отбасы, 5 “В” сыныбы.
Тұсаукесер рәсімі.
@8_orta_mektep04

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Қазақта баланың тұсауын қарттар, әжелер ешкашан кеспеген, олар тек баланы қырқынан шығарып, бесікке салып беріп отырған. Жолы болғыш, жүрісі ширақ адамды арнайы, алдын-ала таңдап баланың тұсауын кестірген.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл бала ала жіпті аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ адамға қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді.
Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады, тілек айтылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.
Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір пышақ. Қазақта қайшымен ешқашан тұсау кеспейді, қайшы секілді екі жүзді болмасын, өмірі қайшыланбасын деген мағынада.
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар.
Көбейіп, көгере берсін, көк шөптей өсіп өнсін деп көк шөптен есіп жасайды.
Байлы болсын, майлы болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.
Адал болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын, ақ пен қараны ажырата білсін деп ала жіптен де жасайды.
Тұсау кесу тойына қонақтар шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға тәтті тағамдар, балаға ойыншық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, салып алады. Тұсау кескен адамға үй иесі сыйлық сыйлайды. @8_orta_mektep04

шаблоны для dle 11.2

Категория: Жаңалықтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.