» » “Үлгілі отбасы - 2023” отбасылық байқауының екінші кезеңі - Диас Жүсіпбек

 
 
 

“Үлгілі отбасы - 2023” отбасылық байқауының екінші кезеңі - Диас Жүсіпбек

Автор: admin от 14-05-2023, 17:15, посмотрело: 37

0

“Үлгілі отбасы - 2023” отбасылық байқауының екінші кезеңі

Диас Жүсіпбек @dias__zhusipbek Көңілді, үлгілі ЖҮСІПБЕК әулетінің ошақ басында ұстанатын қағидалары мен сақтаған салт-дәстүрінен шағын бейне жазба.
Менің отбасым салт-дәстүрді сақтаған, сыйластығы жарасқан үлкен отбасы. Ата-әжем, аға-жеңгелерім, апа-жездем, іні-қарындастарым бар.
Бейне жазбада, анама келіндері сәлем салып, анам әжеме сәлем салып жатқанын байқаған боларсыздар. Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі.
“Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Келін сәлем салу арқылы сыйластық ортаны қалыптастырады. Осыдан-ақ әжем және анам мен жеңгелерім арасында керемет сыйластық бары айқын байқалады.

Сонымен қатар жеңгесі мен қайын інісі арасындағы қалжыңды көруге болады.
Жеңге мен қайын іні арасынданы өзара сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік туған тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелейтіні сөзсіз. Жеңге мен қайын інілер қарым-қатынасы әпке-інілік қарым-қатынаста болады. Женгелер қайын інілерін еркелетіп, «тентегім», «төрем», «мырза жігіт», «молда бала» деген сияқты жарасымды аттар қойып еркелетіп, болашакта жаксы азамат болып есеюлеріне тілектес болып отырады. Сондай-ақ қайын інілерін өзінің туған бауырларындай көріп, ақыл-кеңес, әзіл-қалжыңдарын айтып отырады. Қайнылары ешқашан женгелерін ренжітпей, өз құрдастарындай әзілдесіп, сырласып, тату-тәтті өмір сүреді.
Осы дәстүр бойынша жеңгелерім мені “ЖҰЛДЫЗ ЖІГІТ” деп атайды. Менің де жеңгелеріме деген сыйластығым жоғары. @8_orta_mektep04

шаблоны для dle 11.2

Категория: Жаңалықтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.