» » “Үлгілі отбасы - 2023" отбасылық байқауының екінші кезеңі - Марал Мусаева

 
 
 

“Үлгілі отбасы - 2023" отбасылық байқауының екінші кезеңі - Марал Мусаева

Автор: admin от 14-05-2023, 17:16, посмотрело: 28

0

“Үлгілі отбасы - 2023" отбасылық байқауының екінші кезеңі

Марал Мусаева @maralmusaeva198 Халқымыздың сан ғасырлық тыныс тіршілігіне айналған ұлттық тәлім- тәрбиеге қатысты салт-дәстүріне бірі- бесікке бөлеу дәстүрі. Қазақ халқы " Бесіксіз үйде береке жоқ" деп өмірге келген сәбиді асыға күткен. Баланы қырқынан шығарғаннан кейін бесікке салған. Бесікте бала жылы, таза және дене бітімі түзу болып өседі.
Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына койғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, кәмпит сияқты тәттілерін уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіреді. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Сонан соң бесікті отпен аластайды. Пәле- жала, жын-шайтан, тіл-көзден сақтасын деген ниетпен аластап шығады. Көзден сақтасын деп тұмар байлайды. Қамшыдай өткір болсын деп басына қамшы жастайды.

Мойнындағы тұмарым
Тарқамайтын тұмарым
Тағдыр берген алсын деп
Ақ бесікке салсын деп
Мойнымдағы маржаным
Қорадағы мал-жаным
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой
Балам жатсын бесікте
Пәлесі қалсын есікте.

шаблоны для dle 11.2

Категория: Жаңалықтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.