Бүгін мектеп жанындағы “Kids Land” жазғы лагері мен “Happy Life” жазғы алаңы өз жұмысын бастады. Барлығы 85 оқушыны қамтыған лагерь мен алаңның ұзақтығы екі аптаға созылады. Балаларды алдағы уақытта қызықты ойындар мен саяхаттар, бассейн және театр қойылымдары күтеді. Алғашқы күн ертегі кейіпкерімен бірге мектеп ауласында көңілді ән- бимен басталып, балаларға балмұздақтар таратылды. Балмұздақтарды тегін түрде таратуға демеушілік көрсеткен @izimov_studio ұжымына , Изимова Гүлсана ханымға алғыс білдіреміз!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@izimov_studio