Бүгін №78 мектеп - гимназиясында қалалық спартакиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайынғы өткізіліп келе жатқан қалалық спартакиадада мұғалімдер спорттың 5 түрінен сайысты. Олар: теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол. Шараға «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жерглікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лидия Шайгазиевна , Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинет директоры Ақманар Махмудовна мен дене шынықтыру әдіскері Алмас Жиенғалиұлы қатысты. Шараның өтуіне зор үлес қосқан, демеушілік жасаған «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жерглікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Уралбаева Лидия Шайгазиевна бас төрешілерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлық табыстады.
№8 орта мектебі спорттың барлық түрлерінен “ Үздік команда” номинациясын жеңіп алып, ақшалай 100000 теңге көлемінде сыйлық алды.
Нәтижесі бойынша :
Волейбол (ерлер арасында)
І орын - 8 ОМ
ІІ орын - 51 гимназия
ІІІ орын -Сәтбаев мектебі
Шахмат (ерлер арасында)
І орын - 8 ОМ
ІІ орын - 17 МГ
ІІІ орын - 21 МГ
Тоғызқұмалақ (ерлер)
І орын - 61 ОМ
ІІ орын - 36 ОМ
ІІІ орын - 8 ОМ, 2 МГ
Тоғызқұмалақ (әйелдер)
І орын - 8 ОМ
ІІ орын - 45 ОМ
ІІІ орын - 51 Г
@obrazovanie_gorod_aktobe