2023 жылдың 24 қазан күні Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгуль Куанышевна Кабулованың « Орыс тілі мен әдебиеті сабағында тиімді технологияларды қолдану арқылы білім үрдісінің сапасын арттыру» тақырыбында шығармашылық шеберхана ашылды.
Іс-шарада педагогтар алдында «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері З.Б. Бекниязова құттықтау сөз сөйледі.
Бірінші отырыста «Альфа» ұрпағының ментальдық көзқарасы» тақырыбы қаралды, онда шеберхана басшысы «Күз күніне алғыс» атты тренинг өткізді.
Содан соң шеберхана жетекшісі «Альфа» ұрпағының балалары қандай?» тақырыбына түсініктеме беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қолданылатын тәсілдерін презентация арқылы көрсетті.
«Осени меня,Осень!» атты сыныптан тыс іс-шарада мектеп оқушылары өз өнерлері бойынша демонстрация жасады.
Отырыстың тәжірибелік бөлімінде И.Левитанның «Алтын күз» картинасы бойынша эссе жазуда ойлау – дизайн технологиясы арқылы метафора, эпитет, тұлғалауды қолдана отырып креативтік эссе жазуда,қатысушылар өз ойларын ортаға салып, бөлісті.
«Күзгі букет» шығармашылық шеберханасының рефлексиясында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті, ал «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері З.Б. Бекниязова мектеп ұжымына алғысын білдірді.