1 класс оқушыларының мектепте оқуға бейімделуін, психоллгиялық даярлығын диагностикалаудың нәтижесі бойынша консилиум өткізілді.
Бейімделу – баланың ол үшін жаңа болып табылатын мектеп өміріне, талаптар мен қадағалаудың жаңа жүйесіне, жаңа ұжымға енуінің копфакторлы үрдісі. Мектепке бейімделуге әсер ететін факторларды ескере отырып балалардың мектепке бейімделу процесін бағалау үшін іріктеліп алынған әдістемелер бойынша диагностика жасалды.
Мектеп психологі қолданылған психодиагностикалық әдістемелер нәтижесімен таныстырды. Мектепке бейімделуі төмен оқушыларға ерекше зейін аударып, оларда оқуға деген жағымды қатынас орнату, өзін-өзі бағалауы төмен оқушыларда өзіндік бағасын жоғарылату үшін қолдап, жағдай жасауға көмектесу, төмен ұпай жинаған оқушыларда танымдық мотивацияны дамыту, оқушылардың мектепке деген қатынасын оң арнаға түсіру, мектептік өмірге үйрету, оқушыларда кеңістіктік байланыстар орнату қабілетін, көрнекілік қабылдау дәлдігін дамыту туралы ұсыныстар берілді.