2023 жылғы 03 қарашада № 69 орта мектепте Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру. Олимпиадаға Ақтөбе қаласының 92 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Барлық жеңімпаздарға I, II, III орын үшін дипломдар мен грамоталар табыс етіледі.
Дәл осы байқауда мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі А.Ж.Сембиева жүлделі 3-ші орын иеленді.