Мектеп кітапханасының жұмыс жоспарына сәйкес, балалармен байланысты жақсарту, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді.
14 Қараша күні 1 «Б» сынып оқушылары мен ұстаздары кітапханаға саяхатқа келді. Оқушылар мектеп кітапханасы туралы, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мәлімет алды.
Бөлімде ұйымдастырылған «Кітаппен бірге өсеміз», «Танысыңыздар! Жаңа әдебиеттер», «Ертегілер әлеміне саяхат», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен танысты. Балаларға оқыған кітабы бойынша кітапша дайындау, кейіпкерлер туралы пікір жазу, сурет салу тапсырылды.