Инклюзивті білім беру жағдайында оқитын балалардың білім деңгейін және практикалық қызметке дайындығын қамтамасыз ететін шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметке бейімдеу біздің міндетіміз болып табылады. Оқыту процесінде мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Ата-аналар өз балаларын жақсы біледі, сондықтан бірқатар мәселелерді шешуде мұғалім олардан құнды кеңестер ала алады. Мұғалімдер мен ата-аналардың ынтымақтастығы жағдайды әртүрлі жағынан қарауға көмектеседі, демек, ересектерге баланың жеке ерекшеліктерін түсінуге, оның қабілеттерін анықтауға және дұрыс өмірлік нұсқауларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осы бағытта мектебімізде Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу барысында қолданылатын іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында ата-аналарға арналған кеңес беру тренингі өтті.
Мақсаты:
- Ата-аналардың шығармашылығының өсуіне, өзін-өзі дамытуына, олардың кәсіби шығармашылығын арттыру;
- Өзара тәжірибе алмасу;
- Ерекше балалармен үй жағдайында жасалатын жаттығулар түрлерімен таныстыру арқылы, кеңес беру;
Ортақ жүргізілген іс-шаралар мен ата-аналарға арналған ұсыныстар жүйесінде ЕББҚ бар балалармен түзете-дамыту сабақтарында пайданылатын әдіс-тәсілдер және жұмыс жасауда әртүрлі үлгілерді қолдану бойынша тәжірибелер көрсетілді.
Мектеп логопеді, арнайы маман, педагог-ассистент ата-аналармен «Амандасу», «Менің балам болашақта..» тренингтері өткізді. Қатысқан ата-аналар алған әсерлерімен бөлісті.