Ақтөбе облысының прокуратурасының бастамасымен «Байқаңыздар,алаяқтар!» жұмыс жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар бастау алып отыр. Осы орайда төмендегі роликті назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Аталған бағыттағы жоспардың басты мақсаты - алаяқтықтың өсу себептері мен жағдайларын анықтау, алаяқтық фактілерін тіркеудің өсуін төмендету, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жоғарыда аталған шаралар сіз бен біз болып бірікенде ғана нәтижелі болмақ!