Қаныңнан ұйып жаныңнан жаралғаным үшін,
Өзіңдей биік болмысты таба алғаным үшін,
Балалығымның бал күнін сездіргенің үшін,
Жеткізу үшін талай түн көз ілмегенің үшін,
Жанұя деген Отанда адал болғаның үшін,
Ұрпақ алдында ең биік адам болғаның үшін,
Рахмет, Әке!!!
“Бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды” деген өсиет бүгінгі күннің ұрандап айтар қанатты сөзіне айналды.
Отбасының тірегі, алтын діңгегі бола болған әкенің рөлі қашан да бір төбе.
Бүгінгі “Намыс” ер балалар мен әкелер клубының алғашқы отырысы мағыналы жиынмен бастау алды.
Жиынға келген әкелер АӘД мұғалімі, “Мұрагер” ер балалар клубының жетекшісі Т.Ж.Нургалиевтің ұйымдастыруымен 11 сынып ер балаларының әскери-спорттық шеберлік іс- қимылдарын көрсетумен басталды.
Мұндағы басты мақсат мектебіміздегі ер балалар мен әкелер, ер мұғалімдердің одақтастығын нығайта отыра, оқушыларымызға рух пен жігер, адалдық пен абыройды тең ұстауға, Отанды сүюге, елді, жерді құрметтеуге, Отан алдындағы борыштарын адал атқара алатын ер балаларды тәрбиелеуге үлес қосу.
Жиында бокс жетекшісі Ғ.А.Шоқпаров өзінің үйірме тәрбиеленушілерінің шеберліктерімен таныстырса, мектепішілік парламент ұйымының президенті Айтмағанбетұлы Алидің 5 кластарға бокстан шебер сабақ көрсетуімен аяқталды.
Сонымен қатар жиналған әкелер қауымын мектеп директоры А.Б.Жақсыбаева мектептің тыныс тіршілігімен, алдағы шаралар легімен таныстырды.