» Материалы за Февраль 2018 года

 
 
 

"Жас директорлар мектебі -2017" отырысы

Автор: admin от 28-02-2018, 17:03, посмотрело: 569

28.02.2018ж. күні қалалық ғылыми-əдістемелік Орталықтың жоспарына сай #8 орта мектеп базасында "Жас директорлар мектебі -2017" кезекті отырысы өтті.
Жоспарға сəйкес #8 ОМ директоры Айсулу Жаксыбаева басқарған мектеп əкімшілігі "ЖДМ-2017" мүшелері алдында "Мектеп басшысының білім беру ұйымында Қазақстан Республикасының  13.11.2015 ж. #319-ІІІ өзгерістерімен  жəне толықтыруларымен "Білім туралы"  Заңын іске асыру қызметінің алгоритмі тақырыбы бойынша мектепте атқарылған  жұмыстарды көрсетіп өтті. Мектептің ашылуына 5 жыл болды, осы қысқа уақытта мектеп ұжымы оқу-тəрбие процесін тиімді ұымдастыруда ауқымды жұмысатқарған.
Семинар барысында жас мектеп директорлары өздеріне көптеген мағлұматтар алып, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Сегодня состоялась ІV спартакиада «Ата-ана. Оқушы. Мұғалім».

Автор: admin от 23-02-2018, 16:00, посмотрело: 560

23 февраля в средней школе #8 состоялось торжественное открытие традиционной ІVспартакиады «Ата-ана. Оқушы. Мұғалім» по 9 видам спорта. Мероприятие ежегодно проводится  в целях пропаганды здорового образа жизни в которой активное участие принимают родители, ученики, учителя и выпускники школы.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Біздің мектепте ЖӘРМЕҢКЕ

Автор: admin от 19-02-2018, 17:30, посмотрело: 1 289

19 ақпан күні №8 орта мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын "Қамқорлық" дәстүрлі республикалық акция аясында жетім, ата-анасы қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларды қолдау мақсатында мектепте қайырымдылық жәрменке ұйымдастырылды. Жәрменкеге оқушылар,мұғалімдер және ата-аналар қолдау жасап, атсалысып үйден пісірілген тағамдарды және қол өнер бұйымдарын жасап, қол жетімді бағалармен сатып өз үлестерін қосты. #obrazovanie_gorod_aktobe #akimat_aktobe

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Кітап білім бұлағы!" атты "Буккросинг" семинары

Автор: admin от 13-02-2018, 16:52, посмотрело: 713

Ақтөбе облыстық ғылыми-тəжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 8 орта мектебінде облыс мектептерінің кітапханашыларының қатысуымен "Кітап білім бұлағы!" атты "Буккросинг" семинары өтті.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Білім мазмұнын жаңарту аясындағы ізденіс пен тәжірибе» курс педагогтар семинары.

Автор: admin от 2-02-2018, 17:30, посмотрело: 806

2018 жылдың  2 сәуірінде №8 –мектепте «Білім мазмұнын жаңарту аясындағы ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында  деңгейлік бағдарламасы  бойынша  курстан өткен педагог  кадрлардың қалалық  семинары  болып  өтті. Жаңартылған  білім  мазмұны  жағдайындағы  мәселелерді  шешу  мен  шешім  қабылдау тәжірибесімен бөлісу  мақсатында «Танысу», «Тәжірибе», «Талқылау», «Тиімді  әдіс-тәсілдер» алаңдарына бөлініп  өткізілген  бұл  семинарда  жаңа мазмұнды білім беру  жағдайындағы  ізденістер, проблемалар  және оларды  шешу жолдары, креативті тәсілдер арқылы  қалыптастырушы  бағалауды қолданудың  тиімді  жақтары  ұсынылды, «Тиімді  әдіс-тәсілдер» алаңында «Әдістемелік  қоржын»  айдарымен  мектептің  1,2,5,7-сыныптарында  сабақ  беретін  пән  мұғалімдері өз  тәжірибелерінен  тиімділігіне  көз жеткізген түрлі әдіс-тәсілдерді  ортаға  салды. Семинарға  қатысушылар  семинар жұмысына  жоғары баға  берді.

 

Категория: Мектеп дәстүрі