» Материалы за Май 2018 года

 
 
 

Үлкен еңбек мерекесі

Автор: admin от 23-05-2018, 15:05, посмотрело: 746

Көктемнің жер жіпсіп, күннің мол шуақты күндері келісімен №8 орта мектепте қызу көгалдандыру жұмыстары басталып кететіні көпке аян. Мектеп ауласын көгалдандыру мен гүлдендіру шараларына ұстаздар қауымы мен ата-аналар ат салысады.

 нен оқушылар да қалысар емес. Сәнін келтіре отырғызылған жеміс ағаштары гүл атуда. Мектеп мақтанышы "Қазақстан" көгалына түрлі хош иісті гүлдер отырғызылуда. Мектептің екі жанынан орын алған мойындарын көкке созған екі тауыс бейнесі де жандана түсуде. Мектеп ауласы үнемі берекелі еңбекке,  шат күлкіге,  көптің ынтымағына толы. 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Халықаралық отбасы күні құтты болсын!

Автор: admin от 15-05-2018, 16:30, посмотрело: 627

Бүгін,  15 мамыр күні #Рухани жаңғыру# бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған #Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы# тақырыбындағы жалпыұлттық ата аналар жиналысы өткізілді.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

Автор: admin от 8-05-2018, 16:19, посмотрело: 733

Барша ақтөбеліктерді 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен #8орта мектеп ұжымы құттықтайды! Аспанымыз ашық болып, еліміздің көк туы биікте желбіресін! Ұрпағымыз қайсар, руxты, өр мінезді болсын!

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Жас сарбаз" жарысы

Автор: admin от 5-05-2018, 16:30, посмотрело: 750

05.05.2018 күні мектебімізде 8-10 сынып ер балалар арасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай "Жас сарбаз" жарысы ұйымдастырылды . 
Нәтижесінде 
1 орын - "Алпамыс" командасы (8кл)
2 орын - "Барыс" командасы (10"ә"кл)
3 орын - "Бүркіт" командасы (10"а"кл) марапатталды . Үлес қосқан оқушылар мен мұғалімдерге үлкен алғыс білдіреміз

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ардагерлерді құттықтау.

Автор: admin от 5-05-2018, 16:06, посмотрело: 526

#8 орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріндің үйіне барып, мерекелік көңіл күй сыйлап, көрсеткен ерліктері үшін сыйлықтар ұсынып, алғыс пен құрмет көрсетті. Ардагерлеріміз өз естеліктерімен бөлісіп, балаларға бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед