» Материалы за Май 2022 года » Страница 4

 
 
 

Жеңіс күніне арналған "Ерлікке тағзым" шарасы өткізілді.

Автор: admin от 12-05-2022, 14:48, посмотрело: 81

Бүгін әйгілі тары өсіруші, Ленин ордені иегері - Шығанақ Берсиев ескерткіш мүсіні алдында Жеңіс күніне арналған "Ерлікке тағзым" шарасы өткізілді.

Игі шараға Ауған соғысы ардагері Жакупов Болат Спандиярович, Жолмағамбетов Егізбай Утегенович, облыстық білім басқармасы және N8 мектеп оқушылары мен "ШЫҒАНАҚ БЕРСИЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ" колледжінің студенттері қатысты.

Шара барысында әнұран айтылып, Ш.Берсиев ескерткішіне гүл шоқтары қойылып,ардагерлер құттықтау сөзін сөйледі.

Категория: Жаңалықтар

 

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҮШ КҮНДІК ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ.

Автор: admin от 12-05-2022, 14:44, посмотрело: 91

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҮШ КҮНДІК ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Ақтөбе облыстық білім басқармасының және облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «ЖАС БАСШЫ МЕКТЕБІ» жобасы аясында «Мектептегі менеджмент: тиімді басқару және сапалы білім» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорларына арналған үш күндік оқыту семинары бастау алды.

Семинардың мақсаты: білім беруде мектеп директорларының кәсіби құзіреттілігін арттыру, мектепті тиімді басқаруға, сапалы білім беруді ұйымдастыруға ықпал ету.

Үш күндік семинардың бағдарламасы бойынша бірінші күні облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы басшысының орынбасары Ж.Ә.Исатаева семинарды ашып, мектеп директорларының құзыреттілігі туралы айтты. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу туралы» Ақтөбе облысының білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Г.Қ.Құлыбекова, «Кәсіби этика және педагогикалық қарым-қатынас» Ақтөбе облысының білім басқармасының әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы А.Б.Хасен, «Білім беру ұйымдарының қаржы шаруашылық қызметті ұйымдастыру» бюджетті жоспарлау және болжамдау бөлімінің басшысы А.З.Тындыбаева, «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы» балалардың құқықтарын қорғау, қамқоршылық, қорғаншылық, арнаулы білім беру бөлімінің бас маманы М.Ж.Нургалиева бөлісті.

Нормативтік-құқықтық актілеріне әлеуметтік көмек және ыстық тамақ ұйымдастыру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер жөнінде балалардың құқықтарын қорғау, қамқоршылық, қорғаншылық, арнаулы білім беру бөлімінің бас маманы Б.К.Айтбаева мәлімдесе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы мектептің рөлі туралы қосымша білім беру және тәрбие беру бөлімінің басшысы А.И.Избасаров айтып берді.

Семинардың практикалық бөлімі «Басқару менеджменті: мектеп тәжірибесі» тақырыбы бойынша Ақтөбе қаласындағы №8 ОМ, Новый ОМГ және Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияларға топқа бөлініп тәжірибе бөлісті.

Категория: Жаңалықтар

 

«Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Автор: admin от 11-05-2022, 13:31, посмотрело: 88

1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні қарсаңында, мектебіміздің 5 сынып тәрбиеленушілері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасының Бірыңғай «Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. “Жас Ұлан” ұйымы қатарына өз өтініш білдіріп,барлығы 149 оқушы қабылданды.

Оқушылар Отанының ,елінің, жерінің адал азаматтары болуға, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, ата-ананы қадірлеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, табиғатты аялауға, Отанына шексіз қызмет етуге ант берді.

Шараға “Қамқоршылық кеңес” мүшесі, Ауған соғыс ардагері- Жакупов Болат Спандиярович тәрбиеленушілерге ыстық лебізін білдіріп, Отанымыздың патриоты болуға шақырды.
Салтанатты жиынға “Жас Ұлан” ұйымының белсенділері ат салысып,
“Мектеп Парламенті” белсенділері 5 сынып оқушыларына қолдау көрсетіп, көшбасшылықтарын танытты.

Ұйымдастырушы: Аға тәлімгер Бөрібаева Ж.

Категория: Жаңалықтар

 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine