Ұстаздар мерекесі

Автор: admin от 3-10-2022, 15:38, посмотрело: 76

Күздің иісі аңқыған,
Табиғат қандай тамаша.
Жайдарлы,жарқын ұстаздың,
Күлімдеп тұрған шағындай.

Мереке сізге арналар,
Ұстаздар бүгін шаттанар.
Құшағы гүлге толғанда,
Жанары күндей жадырар.

Бағбаны сіздер ,шәкірттің,
Бақыты сіздер, шәкірттің.
Білімнің бастау бұлағы,
Сіздерден ғана басталар.

Ақылшым сізсіз ,ұстазым,
Жол сілтер сізсіз,ұстазым.
Болашақ сізбен көркейіп,
Келешек сізбен нұрланар.

Даналар сізге бас иер,
Батыр да сізге бас иер.
Ұстазсыз шәкірт өмірі,
Тамырсыз солған гүлмен тең.

Арналар сізге,ән мен жыр,
Арналар сізге, бар құрмет.
Сіздермен ғана ұстаздар ,
Бар әлем нұрға бөленер.
Мерекеде оқушылар ұстаздарды ерекше ықыласпен құттықтап, тілектерін білдірді!

Категория: Жаңалықтар

 

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Автор: admin от 3-10-2022, 10:46, посмотрело: 94

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы, қалыптасқан дәстүр бойынша, барлық Ақтөбе мұғалімдерінің кәсіби мерекесі қазан айының басында - Мұғалімдер күнінде тойланады!
Аталған дәстүрді жалғастыра отырып, Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 1 қазан күні қаланың үздік педагогтары мен тәрбиешілері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен Шығармашылық академиясында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс -шара өткізілді.
Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Купенов, «Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Л.Уралбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қосымбаева қатысты.
Шара барысында үздік педагогтер Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, Ақтөбе қаласы әкімінің және қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды.

Категория: Жаңалықтар