ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор: admin от 1-02-2023, 12:43, посмотрело: 90

Қазіргі қоғамда оқушылар арасында буллинг белең алуда. Бұл жағдайға душар болған әр балаға ересек тарапынан қолдау мен қорғау қажет. Бала өз жағдайын естірте алмауы мүмкін, бірақ та әр ересек адам бақылаушы бола тұра сол баланың жағдайын аңғарып, осы тығырықтан шығу жолдарын екеулеп отырып шешу маңызды.

Осы мақсатта Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу бойынша кездесулер өткізу жоспарына сәйкес 2023 жылдың 31 қаңтар күні №8 орта мектебі мен №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Категория: Жаңалықтар

 

«Lesson Study- педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың инновациялық технологиясы»

Автор: admin от 1-02-2023, 12:29, посмотрело: 90

2023 жылдың 28 қаңтар күні Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінде Ақтөбе «Өрлеу» кафедра аға оқытушысы, Ақмарал Ақтамбайқызының жетекшілігімен «Lesson Study- педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың инновациялық технологиясы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарда осы тәсілдің теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды: Lesson Study әдісі қандай мақсатта қолданылуы керек, жоспарлау, бақылау, талдау, нәтижелілік, оқушыларды зерттеу процесіне тарту, яғни, сабақты зерттеу - мұғалімнің уәжін арттыру құралы екені тағы бір мәрте талқыланды.

«Сабақты зерттеу» тəсілінің көмегімен сабақты жоспарлауды жұмыс тобының мүшелері өздерінің тəжірибелерімен бөлісіп, оқудың тиімді тəсілдері, формалары жəне əдістерін қолдану бойынша идеялар ұсынды. №8 ЖББОМ ұжымына алғысымызды білдіреміз!

Категория: Жаңалықтар

 

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде физика пәні бойынша 10 "а" класының оқушысы

Автор: admin от 1-02-2023, 09:41, посмотрело: 60

Еділ Жандос алғыс хатпен
11"а" класының оқушысы Қуандықов Санжар II орынға ие болды.

Жетекшісі: физика пәні мұғалімі З.К.Байтұрсынова
Құттықтаймыз

Категория: Жаңалықтар

 

Мектеп қоржыны тағы бір жеңіспен толықты

Автор: admin от 1-02-2023, 09:10, посмотрело: 45

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәні бойынша 10 "ә" класының оқушысы Өмірбай Дильхан II орынға ие болды.

Жетекшісі: математика пәні мұғалімі А.Қ.Батаев
Құттықтаймыз

Категория: Жаңалықтар

 

”Мұрагер" ер балалар клуб жетекшілерінің бастамасымен клубтың III отырысы өтті.

Автор: admin от 1-02-2023, 09:06, посмотрело: 40

Күн тәртібіндегі мәселелер:
Салауаты өмір салтын қалыптастырудың маңызы ( мектепішілік шараларға ер балалардың қатысымы, алдағы спартакиада, "Жас құтқарушы" сайыстарынлағы ер балалардың үлесі)
Зиянды әрекеттерден аулақ бол! (зиянды заттардың алдын алу бойынша ақпарат беру)

Категория: Жаңалықтар