Аталған дәстүрді жалғастыра отырып, Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 1 қазан күні қаланың үздік педагогтары мен тәрбиешілері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен Шығармашылық академиясында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс -шара өткізілді.
Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Купенов, «Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Л.Уралбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қосымбаева қатысты.
Шара барысында үздік педагогтер Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, Ақтөбе қаласы әкімінің және қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды.
.png)
