15 наурыз күні қазақ тілі бірлестігінің арнайы отырысы өткізілді. Бұл жиналыста БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІНЕН 5-8, 10 -СЫНЫПТАРДА АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалануын қамтамасыз ету мақсатындағы ұсынымдармен таныстырылды. Педагогтер аралық аттестаттау ережесінің тапсырмаларын дайындауда оқылым, жазылым, ӘТН дағдыларының бөлімшелеріндегі оқу мақсаттарын сақтай отырып, тапсырмаларды түрлендірудегі бірқатар нормаларға тоқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram