Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарлама

Автор: admin от 20-12-2022, 15:55, посмотрело: 110

Ақтөбе қаласы «№ 8 орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде

Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогтерін бос  лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарлама

  1. №8 орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев көшесі №3Д үй, почталық  индекс 030009, 8(7132)458-287 shkola8.k3d@mail.ru mektep_08@mail.ru
  2. Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;

Мектепалды даярлық тобының /сыныбының педагогі  уақытша бос лауазым (декреттік орын), (1 ставка, жалақысы -105000 тг, қосымша төлемдерді санамағанда)

Категория: Хабарландыру

 

«Педагогикалық идеялар фестивалі»

Автор: admin от 14-12-2022, 16:41, посмотрело: 133

2022 жылғы 13 желтоқсанда жылына бір рет өткізілетін, табысты педагогикалық тәжірибемен алмасып, зияткерлік еңбектерінің нәтижелерін көрсетуді қалайтын белсенді және шығармашылық мұғалімдерді анықтауға бағытталған жаңашыл педагогтың құрылымдық-мазмұндық моделін жасайтын «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының қалалық кезеңі Мұхафар Әлімбаев атындағы №23 мектеп-лицейінің базасында өтті.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқаудың қалалық кезеңіне 5 бағыт бойынша - 85 педагог қатысты: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»; «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері); «Шығармашыл толқын»; «Сабақ аяқталған соң...»; «Психологиялық сандықша».

Қорытынды нәтиже бойынша мектебіміздің екі мұғалімі жүлделі орынға ие болды.

II математика пәнінің мұғалімі- Орын Миржан Досымұлы

III Орыс тілі пәнінің мұғалімі - Кабулова Айгүл Қуанышевна

@metodcabinet_aktobe
@obrazovanie_gorod_aktobe

Категория: Жаңалықтар

 

Бізге 10 жыл

Автор: admin от 13-12-2022, 18:46, посмотрело: 100

Атағы алты қырдан асқан мектеп.
Қадамын болашаққа басқан мектеп.
Жетістігін жырлайтын ақын болса,
Алпыс күн айтарлықтай дастан мектеп.
Ұрпақ үшін қызмет атқарсын деп,
2012 жылы……
Үлкендер бата беріп, ашқан мектеп.


@obrazovanie_gorod_aktobe

Категория: Жаңалықтар

 

“Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері”

Автор: admin от 12-12-2022, 21:14, посмотрело: 138

5 желтоқсан мектебіміздің “10 жылдык” мерекесіне орай Жаратылыстану бірлестігі және Актобе облысының педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен “ Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері” атты семинар - коучингі өтті. Коучинг семинарды ПШО тренері А.С. Ерназарова өткізді.

Мақсаты: мектепшілік қоғамдастық аясында өзара тәжірибе алмасу,мұғалімдердің инклюзивті білім берудегі сапаларын жетілдіру. Мектеп ұстаздары семинарға белсене араласып, өз ойларын ортаға салды.

@obrazovanie_gorod_aktobe

Категория: Жаңалықтар

 

"Сенім шеңбері" ата-аналар форумы

Автор: admin от 11-12-2022, 17:49, посмотрело: 159

Мектебіміздің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында "Қазақ тілі" бірлестігінің ұйымдастыруымен "Сенім шеңбері" атты арнайы ата - аналар форумы өткізілді.

Категория: Жаңалықтар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine