Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығуына 34 жыл толуына орай, білім саласының қызметкерлері арасында волейбол жарысынан жүлделі 1 орын иеленген #8 орта мектебі марапатталады.
КММ "№8 орта мектебі", Ақтөбе қаласы » Жаңалықтар » Страница 18
Автор: admin от 11-02-2023, 13:41, посмотрело: 52
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығуына 34 жыл толуына орай, білім саласының қызметкерлері арасында волейбол жарысынан жүлделі 1 орын иеленген #8 орта мектебі марапатталады.
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 11-02-2023, 13:40, посмотрело: 70
Кәсіптік техникалық білім беру және мектеп педагогтары арасында бұқаралық спортты дамыту , педагогтердің физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға ықпал ету, мұғалімдерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту арқылы достықты нығайту мақсатында өткізілген волейболдан "Директор кубогі -2023" сайысында жүлделі ????орын иеленген #8 орта мектебі марапатталады.
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 11-02-2023, 13:36, посмотрело: 55
Бүгін, 11 ақпан күні Шығармашылық Академиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті.
Аталған шараға мектеп басшылары, ұстаздар мен оқушылар, ардагер педагогтар қатысты.
Шара барысында білім беру мекемелері «Гуманитарлық бағыты бойынша білім шыңына» және «Жаратылыстану-математика ғылымдарының үміті» номинациялары бойынша марапатталды.
Жалпы білім беретін мектептер арасында командалық
3 орын - № 8 орта мектебі;
2 орын - № 25 орта мектебі;
1 орын - № 56 орта мектебі;
13-18 ақпан аралығында 9 ОҚУШЫМЫЗ мектеп намысын қорғап , ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ БАРАДЫ. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 11-02-2023, 13:32, посмотрело: 49
Дебат - жастар қозғалысын ұйымдастыра отырып, білім беруді тиімді түрде жүзеге асыратын технология. Ол сенімді сөйлеу өнеріне, жеке көзқарасқа қарамастан кез-келген тезисті дәлелдеуге арналған. Дебатқа қатысушылар бір-бірін тыңдауды үйреніп, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін, сөйлеу мәдениетін, сөйлеудің шығармашылығы мен тапқырлығын және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады. Сондай игі мақсатпен мектебімізде дебат өнерінің шебер маманы Ханиев Аманжол Жумабайулы оқушылармен арнайы түсіндірме жұмысын жүргізіп, жоғары сынып оқушылары арасында пікірталас өткізді.
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 11-02-2023, 13:23, посмотрело: 60
Бүгін 4 "г" класы оқушыларына жоғары сынып оқушылары Сабит Диас (9в),Сәдуақас Карина(9б) сурет салу, шығармашылық бағытта жұмыстану бойынша өз үйренгендерімен бөлісіп, шебер класс берді.
Алда уақытта басқа да оқушыларымызды қамтып, осы бағытта жұмыстанатын боламыз!
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 10-02-2023, 13:13, посмотрело: 50
Тәуелсіз Қазақ елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің қандай екенін дәлелдейтін ер азаматтар болып табылады.Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық. Сондай игі мақсатта , мектебіміздің жалпы 8 сыныптар арасында «Жас құтқарушылар - 2023» атты саптық- спорттық шарасы өткізілді. Жарыстың қорытынды нәтижесі бойынша :
1 орын - 8 «Д»
2 орын - 8 «Г» , 8 «А»
3 орын -8 «Б» ,8 «В» , 8 «Ә»
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 10-02-2023, 13:09, посмотрело: 42
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11 «А» класының оқушысы Құттымұратова Гүлзада 1 орынға ие болды.
Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Кабулова
Құттықтаймыз!!!
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 10-02-2023, 13:04, посмотрело: 58
Бүгін , 9 ақпан , қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күні . Мұқағали ақынның өмірге келген күні - қазақ поэзиясының өмір есігін ашқан күні іспетті. Ақынның туған күніне орай, мектебімізде қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді, Ендеше , Мұқағали ақынның аяулы аналар жайындағы және махаббат жырларын назарларыңызға ұсынамыз.
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 10-02-2023, 13:02, посмотрело: 62
МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ НЕ ҮШІН СҮЙЕМІН?" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ
Республикалық "Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?" атты шығармашылық эссе байқауының қалалық кезеңінен 11 класс оқушы Мақымова Арухан 1 орын.
Жетекшісі Удина Г.К. Облыстық кезеңіне сәттілік тілейміз!
Категория: Жаңалықтар
Автор: admin от 10-02-2023, 12:59, посмотрело: 54
Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығы қарсаңында 5-7 класс оқушылары арасында өткізілген облыстық эссе байқауының қалалық кезеңінің нәтижесі:
Эссе байқауынан 6 класс оқушысы Жұбанышқызы Нұрайым 3 орын.
Жетекшісі Даулетиярова А.Б Құтты болсын!
Категория: Жаңалықтар