Ұстаздар күні құтты болсын!!!

Автор: admin от 12-10-2022, 10:19, посмотрело: 67

Ұстаздар күні құтты болсын!!!

Категория: Жаңалықтар

 

21 қазан күні сағ. 17.00 де мектебіміздің 9-10 класс аралығында өткізілетін "Ғажайып күз" сайысына белсене қатысуға шақырамыз !

Автор: admin от 11-10-2022, 15:40, посмотрело: 68

21 қазан күні сағ. 17.00 де мектебіміздің 9-10 класс аралығында өткізілетін "Ғажайып күз" сайысына белсене қатысуға шақырамыз !

Категория: Хабарландыру / Жаңалықтар

 

Волейболдан облыстық жарыс

Автор: admin от 10-10-2022, 10:00, посмотрело: 63

 2022жыл - Балалар жылы» аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында білім беру қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған облыстық волейбол жарысына қатысқаны үшін #8 ОМ командасы марапатталады.
@obrazovanie_gorod_aktobe

Категория: Жаңалықтар

 

«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» байқау

Автор: admin от 7-10-2022, 09:00, посмотрело: 61

2022 жылғы 7 қазанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» байқауының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің абыройын көтеріп, жүлделі II орын иеленген Сұлтан Шұғыла марапатталады.
Жетекшісі: Кушкарбаева Алтын
Құттықтаймыз!

@aktobe_daryn
@obrazovanie_gorod_aktobe

Категория: Жаңалықтар

 

"Үлкендер жолы -ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып"

Автор: admin от 5-10-2022, 11:59, посмотрело: 70

Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күні мен ұстаздар күніне орай , 5 қазан күні 4 "Г" сыныбында "Үлкендер жолы -ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" атты ардагер ұстаздармен кездесу (сыр сұхбат бағдарламасы) өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын , ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Сыр сұхбат бағдарламасының қонақтары мектебімізде бірнеше қыл қызмет еткен Мектепова Сара Олжабайқызы және сыныптағы Сағынбекқызы Жанелдің әжесі арнайы Шалқар қаласынан шақыртумен келген Оразбаева Лиза Елубайқызы болды. Оқушылар ұстаздардың еңбек жолымен таныса отырып өздерінің сұрақтарын қойды. Бағдарлама соңында оқушылар өнерлерін де көрсетті.

Категория: Жаңалықтар

 

Ұстаздар мерекесі

Автор: admin от 3-10-2022, 15:38, посмотрело: 78

Күздің иісі аңқыған,
Табиғат қандай тамаша.
Жайдарлы,жарқын ұстаздың,
Күлімдеп тұрған шағындай.

Мереке сізге арналар,
Ұстаздар бүгін шаттанар.
Құшағы гүлге толғанда,
Жанары күндей жадырар.

Бағбаны сіздер ,шәкірттің,
Бақыты сіздер, шәкірттің.
Білімнің бастау бұлағы,
Сіздерден ғана басталар.

Ақылшым сізсіз ,ұстазым,
Жол сілтер сізсіз,ұстазым.
Болашақ сізбен көркейіп,
Келешек сізбен нұрланар.

Даналар сізге бас иер,
Батыр да сізге бас иер.
Ұстазсыз шәкірт өмірі,
Тамырсыз солған гүлмен тең.

Арналар сізге,ән мен жыр,
Арналар сізге, бар құрмет.
Сіздермен ғана ұстаздар ,
Бар әлем нұрға бөленер.
Мерекеде оқушылар ұстаздарды ерекше ықыласпен құттықтап, тілектерін білдірді!

Категория: Жаңалықтар

 

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Автор: admin от 3-10-2022, 10:46, посмотрело: 96

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы, қалыптасқан дәстүр бойынша, барлық Ақтөбе мұғалімдерінің кәсіби мерекесі қазан айының басында - Мұғалімдер күнінде тойланады!
Аталған дәстүрді жалғастыра отырып, Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 1 қазан күні қаланың үздік педагогтары мен тәрбиешілері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен Шығармашылық академиясында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс -шара өткізілді.
Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Купенов, «Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Л.Уралбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қосымбаева қатысты.
Шара барысында үздік педагогтер Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, Ақтөбе қаласы әкімінің және қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды.

Категория: Жаңалықтар

 

"Танымның бір тамшысы - кітапта"

Автор: admin от 28-09-2022, 19:34, посмотрело: 78

Кітап - адамзат өміріне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан рухани құрал. Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөлінген жанұялардан өсіп шығады. Бірақ, қазір рухани жетілдірді басым көпшілігіміз кітаптан емес, ғаламтордан іздеп жүргеніміз сөзсіз...
Шығыс ойшылы Әлішер Науай: "Кітап- ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына" десе, Абай атамыз "Танымның бір тамшысы - кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа" деп насихаттаған.
Осынау даналық сөздерді негізге ала отырып, кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер топтамасын оқырман назарына ұсынамыз!

Категория: Жаңалықтар

 

Тазалық жұмыстары

Автор: admin от 27-09-2022, 11:28, посмотрело: 60

Бүгін ұжым бірауыздан тазалық жұмыстарына ұйымшылдықпен кірісті. Өз ауламыз,өз мектебіміздің тазалығы- өз айнамыз!
Мектеп ауласының көркіне айналған алма, алмұрт, қарақат жеміс ағаштарын қысқа дайындап, бой алған ағаштарды қоқыстан тазарту жұмыстары кеңінен жүріп, мектеп ауласы көріктене түсті.

Категория: Жаңалықтар

 

Отбасылық спорт сайысы.

Автор: admin от 24-09-2022, 13:58, посмотрело: 63

Білім беру ұйымдарында мектеп пен ата-аналардың байланысын ұйымдастыру мақсатында 3 класс ата-аналарының қатысуымен отбасылық спорт сайысы болып өтті.
Спорттық сайысқа
- Достық
- Ынтымақ
- Тастүйін
- Болашақ
- Орда топтары спорттың 6 түрінен өзара сайысқа түсті.

Категория: Жаңалықтар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine