Республикалық "Алтын түлек" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді

Автор: admin от 25-10-2023, 12:30, посмотрело: 84

0

Қазан айының 20-сы күні Республикалық "Алтын түлек" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 10-11 сынып оқушылары арасынан 39 оқушы қатысты. 

Категория: Жаңалықтар

 

«Орыс тілі мен әдебиеті сабағында тиімді технологияларды қолдану арқылы білім үрдісінің сапасын арттыру» тақырыбында шығармашылық шеберхана ашылды

Автор: admin от 25-10-2023, 12:00, посмотрело: 41

0

2023 жылдың 24 қазан күні Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгуль Куанышевна Кабулованың « Орыс тілі мен әдебиеті сабағында тиімді технологияларды қолдану арқылы білім үрдісінің сапасын арттыру» тақырыбында шығармашылық шеберхана ашылды.
Іс-шарада педагогтар алдында «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері З.Б. Бекниязова құттықтау сөз сөйледі.
Бірінші отырыста «Альфа» ұрпағының ментальдық көзқарасы» тақырыбы қаралды, онда шеберхана басшысы «Күз күніне алғыс» атты тренинг өткізді.

Категория: Жаңалықтар

 

III республикалық мұғалімдер спартакиадасының облыстық кезеңінде ерлер арасындағы волейбол жарысында Ақтөбе құрама командасы жүлделі 1-орын иеленді

Автор: admin от 25-10-2023, 11:30, посмотрело: 35

0

Ақтөбе облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республика күні қарсаңында III республикалық мұғалімдер спартакиадасының облыстық кезеңінде ерлер арасындағы волейбол жарысында Ақтөбе құрама командасы жүлделі 1-орын иеленді. Дәл осы командада керемет ойын шеберлігін көрсете білген Б.Муканов, Д. Жанатов, Е.Ибраев, Ш.Сарсеналыұлы, Қ.Айнабеков, Б.Сисенғали есімді мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз !

Категория: Жаңалықтар

 

Қыран елім- Қазақстаным

Автор: admin от 25-10-2023, 11:00, посмотрело: 37

0

Бүгін мектеп 25 қазан Қазақстан Республикасы күнін атап өтті.
Шараның мақсаты - әрбір баланың жүрегінде Отанға деген махабатын ашу, оларды ортақ үйіміз, кең байтақ жеріміздің бәрінен биік, бәрінен асқақ екенін ұғындыру;

Категория: Жаңалықтар

 

2012-2013 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Күніне орай ұйымдастырылған бокс

Автор: admin от 25-10-2023, 10:30, посмотрело: 45

0

2012-2013 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Күніне орай ұйымдастырылған бокстан мектеп оқушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

1-орын Орынбаев Нұрдаулет

2-орын Қаниев Нұрдаулет
2-орын Қайрат Саламат
2-орын Қабдықайр Саян
2-орын Байжанов Арман

Жетекшілері: Ғ. Шоқпаров

Категория: Жаңалықтар

 

6 «Ә» сынып оқушыларының «Туралықтың тұғыры-Төле би» атты шешендікке толы ашық қойылымы өткізілді

Автор: admin от 24-10-2023, 10:00, посмотрело: 79

0

Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 360 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде Төле биге арналған 6 «Ә» сынып оқушыларының «Туралықтың тұғыры-Төле би» атты шешендікке толы ашық қойылымы өткізілді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы, өз білім алушыларына абыз бидің өнегелі өмір жолымен таныстырып, қойылым арқылы насихаттауына ұйытқы бола білген класс жетекшісі - Г.С.Альсуйеуова.

Категория: Жаңалықтар

 

"Таза табиғат" экологиялық шарасы

Автор: admin от 24-10-2023, 09:30, посмотрело: 35

0

25 қазан ұлттық мереке - Республика күніне байланысты мектебімізде "Таза табиғат" экологиялық шарасы өткізілді. Осы акция барысында мектеп ауласына 50 түп ағаш түптері отырғызылды.

Категория: Жаңалықтар

 

Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Батаев Алмат Қонысбайұлы жүлделі орынға ие болды

Автор: admin от 22-10-2023, 09:00, посмотрело: 54

0

20 қазан күні "Жаратылыстану ғылымдары Ассоциациясының" ұйымдастыруымен өткізілген математика, физика, информатика пәндері бойынша облыстық педагогикалық олимпиадасында мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Батаев Алмат Қонысбайұлы жүлделі орынға ие болды.

 

Категория: Жаңалықтар

 

Ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 13-10-2023, 16:30, посмотрело: 56

0

13 қазан күні Отбасы құндылығы-бала болашағы тақырыбында 7️⃣ сынып оқушыларына ата-ана жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, оның алдын алу;

Буллинг, оның түрлері, алдын алу шаралары;

Аутодеструктивті міне-құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі, оның алдын алу бойынша мектеп психологынан кеңестер беріліп,жаднама таратылды;

Категория: Жаңалықтар

 

"Алтын сақа" олимпиадасы

Автор: admin от 26-09-2023, 17:00, посмотрело: 48

0

Ағымдағы оқу жылының 26-қыркүйек күні 5-6 сыныптар арасында математика пәні бойынша "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға барлығы 43 оқушы қатысып, оның ішінде 6 оқушы қалалық кезеңге өтті.

Категория: Жаңалықтар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine